• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-4/305

327 рет
көрсетілді

2015 жылғы 6 сәуір, Астана қаласы Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қағидалардың 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін 7-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енеді және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі______ Ә.ИСЕКЕШЕВ 2015 жылғы 28 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________ Б.СҰЛТАНОВ 2015 жылғы 21 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______ Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы 17 сәуір Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялар) тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) отандық өндiрушi (бұдан әрi – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республика­сында тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға; 2) тыңайтқыштарды жеткізуші – шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын өткізуді жүзеге асыратын және оларды «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабына сәйкес тіркеген жеке немесе заңды тұлға; 3) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші; 4) шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушi – Заңның 12-бабына сәйкес шетелдік өндіріс тыңайтқышын тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті. 3. Тыңайтқыштарды өндірушілер тізбесін инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының сұратуы бойынша бередi. 4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісім бойынша субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары белгіленеді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қаулысының жобасын Министрлікке келісуге ұсынған кезде субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін құжаттар (өтінімдерде көрсетілген алқапқа ғылыми негізделген енгізу нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептер, өтінім берілген тиісті тыңайтқыштар түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттар) қоса беріледі. 5. Облыстың (бұдан әрі – облыс басқармасы), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі - қала басқармасы) тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын оны бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті интернет-ресурста орналастырады. 2. Субсидиялар алушылар 6. Субсидиялар: 1) ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші)-тоқсанда тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушiден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге; 2) ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші)-тоқсанда тыңайтқыштарды өндiрушiлерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленеді. 3. Субсидиялар алу шарттары 7. Субсидиялар келесі шарттар сақталған жағдайда төленеді: 1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің ауданның, республикалық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі - бөлім) немесе қала басқармасына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм беруі; 2) өтінім берушіде жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы арналған жер учаскелерінің болуы; 3) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тиісті жылы облыстың жергілікті атқарушы органы бекіткен бірінші көбейтілген тұқымдарды және алғашқы буын будандарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төмен нормаларына сәйкес жоспарлы сорт жаңартуды қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде бірінші көбейтілген тұқымдарды және (немесе) алғашқы буын будандарын сатып алуы (осы тармақша түпнұсқалық тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіруші шаруашылықтарға, тұқым өсіруші шаруашылықтарға қолданылмайды). 4. Субсидияларды есептеу тәртібі 8. Субсидиялар субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім берген тыңайтқыштардың түрлеріне және көлеміне (өтінімде көрсетілген егістік алаңына енгізудің ғылыми-негізделген нормаларын ескере отырып) және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен тыңайтқыштардың түрлері мен тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларына сүйене отырып есептеледі. 9. Сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары пайыздық қатынаста: 1) отандық өндіріс тыңайтқыштарын сатып алған кезде өткізілген тыңайтқыш құнының 50 %-ына (қоса алғанда) дейін; 2) шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын сатып алған кезде алынған тыңайтқыштар құнының 30 %-ына (қоса алғанда) дейін құрайды. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тыңайтқыштар түрлеріне арналған субсидиялар нормаларын белгілеген кезде отандық және шетелдік өндіріс тыңайтқыштарына арналған субсидиялар мөлшерлері арасындағы айырмашылық Қағидалардың осы тармағында белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес келуі тиіс. 10. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші құны субсидия нормасына есептелген тыңайтқыштың құнынан төмен тыңайтқыштарға өтінім берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған тыңайтқыштар құнынан жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші құны субсидия нормасына есептелген тыңайтқыштың құнынан жоғары тыңайтқыштарға өтінім берген жағдайда, субсидиялар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен 1 тоннаға (литрге, килограмға) арналған субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыш құны бойынша төленеді. 11. Тыңайтқыштар құнында қосылған құн салығы, қаптау, таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi жеткiзу (жiберу) пунктiне дейiнгi көлiк шығыстары ескеріледі. 5. Субсидиялар төлеу тәртібі 12. Бөлiм (қала басқармасы) жылдың табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып өтінімдерді қабылдау басталатын және аяқталатын күнді белгілейді және тиісті интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады. 13. Бөлім (қала басқармасы) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олардың осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді. Өтінімді қабылдау кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге өтінімнің қабылданғаны туралы еркін нысанда қолхат беріледі. 14. Өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда, бөлім өтінімді облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – облыс басқармасы) жібереді, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді. Бұл ретте бөлім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін құрып, оны облыс басқармасына ұсынады. 15. Облыс басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөліміне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) тыңайтқыштарды өндірушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді. 16. Қала басқармасы құжаттарды тексергеннен кейін екі жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөліміне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) тыңайтқыштарды өндірушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді, егер теріс шешім болған жағдайда, субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді. Бұл ретте қала басқармасы Қағидаларға 2-қосымшаға нысан бойынша сәйкес субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін құрады. 6. Субсидиялау жөніндегі есептілік 17. Облыс басқармасы (қала басқармасы) тиiстi жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрлікке субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпаратты және субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, субсидиялар беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер туралы ақпаратты береді. Субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурстарында тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады. Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан __________________ облысы______________республикалық маңызы бар қала, астана (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының толық атауы) _________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Өтінім _____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде_______________________________, (тыңайтқыш түрi) _____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде_______________________________, (тыңайтқыш түрi) _____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде________________________________ (тыңайтқыш түрi) сатылған тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) үшiн тыңайтқыш­тарды отандық өндiрушiлерге/жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) үшiн маған субсидия төлеуді сұраймын (қажеттінің астын сызу). Р/с № Деректер көзі Қажетті мәліметтер Дерек-тер 1 2 3 4 1. Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама тіркеу нөмірі тіркеу күні атауы орналасқан жері мемлекеттік тіркеу күні кім берді 2. Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі ЖСН кім берді берілген күні Жеке тұлға үшiн – дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк орналасқан жері тіркеу күні 1 2 3 4 кім берді 3. Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат актінің нөмірі кадастрлық нөмірі барлық алқап, гектар оның ішінде егістік нысаналы мақсаты сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы 4. Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң не почтаның ұлттық операторының анықтамасы ЖСН/БСН Кбе Банктің не почта операторының деректемелері: Банктің не почта операторының атауы: БСК ЖСК БСН Кбе 5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен тыңайтқыштарды сатушының арасындағы сатып алу- сату шарты шарттың нөмірі шартты жасау күні тыңайтқыштарды сатушының атауы тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы тыңайтқыштың атауы тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) төлеу мерзімі 6. Тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) шот-фактура нөмірі берілген күні тыңайтқыштарды сатушының атауы тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы тыңайтқышты сатушының ЖСК тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндірістің тыңайтқыштары үшін) қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндірістің тыңайтқыштары үшін) тыңайтқыштың атауы өлшем бірлігі саны (көлемі) ҚҚС-пен бағасы (теңге) өткізу бағасы, барлығы 7. Жүктік кедендік декларация (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші үшін) нөмірі берілген күні тыңайтқыштарды сатушының атауы тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы 8 Тауар Еуразиялық экономикалық одақтан алып келіндігін растайтын салық органы беретін құжат нөмірі берілген күні тыңайтқыштарды сатушының атауы тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы 9 Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификаты** сертификаттың нөмірі сертификаттың қолданылу мерзімі сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел) өтінім беруші (атауы, мекенжайы) кім берді 10 Тауардың шығу тегі сертификаты ** нөмірі мен берілген күні тауардың атауы экспорттаушы/жүк жөнелтуші импорттаушы/жүк алушы 11. Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік** куәлік нөмірі химиялық өнімнің толық атауы өндіруші фирма куәліктің қолданыс мерзімі тіркеу күні кім берді Ескертпе: * Өтінім берушіден аталған құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді. ** Аталған құжаттардағы мәлімет әрбір тыңайтқыштың түрі үшін толтырылады. Тыңайтқыштарға қажеттіліктің есебі Ауыл шаруашылығы дақылының атауы Алаңы, гектар Тыңайтқыштарды 1 гектарға ғылыми жағынан ұсыным берілген қолдану нормалары Тыңайты-латын алаң, гектар Тыңайтқыш түрі, (килограмм, литр) 1 2 3 4 5 6 7 Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған мәліметтер ұсынған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін. Басшы ______ _____________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Бас бухгалтер (бар болса) _____ ______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Мөр орны (заңды тұлға үшін) 20__жылғы «___»______________ Өтiнiм 20__жылғы «___»____________қарауға қабылданды. ____________ _____________________________________________________________ (қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына 2-қосымша Нысан Субсидиялар беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзбесі № Ауыл шаруа-шылығы тауарын өн-дірушінің атауы Ауыл шаруашы-лығы тауарын өндірушінің өтінімін қабылдау күні Субси-диялар бермеу себеп-тері Субсидиялар бермеу туралы хабарла-маның нөмірі және күні Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы маманының, тегі, аты, әкесінің аты 1 2 3 4 5 6 Жиыны: Аудан, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі ________ _______________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Мөр орны Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан ______________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ________ жылға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат Аудан атауы Көрсеткіштер атауы Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын тыңайтқыштар* отандық тыңайтқыштар шетелдік тыңайтқыштар Жиыны Оның ішінде тыңайтқыштардың түрлері бойынша** Барлығы Оның ішінде тыңайтқыш-тардың түрлері бойынша** Барлығы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 1 Жергілікті бюджетте бекітілген субсидия көлемі, теңге Төленген субсидия көлемі, теңге Сатып алынған субсидияланған тыңайтқыштар көлемі, тонна Енгізілген субсидияланған тыңайтқыштар көлемі, тонна Әсерлі затқа тыңайтқыштарды енгізу нормасы, килограмм/гектар (литр/гектар) Субсидиялау шеңберінде тыңайтылған алаң, гектар Облыс бойынша жиыны Жергілікті бюджетте бекітілген субсидия көлемі, теңге Төленген субсидия көлемі, теңге Сатып алынған субсидияланған тыңайтқыштар көлемі, тонна Енгізілген субсидияланған тыңайтқыштар көлемі, тонна Әсерлі затқа тыңайтқыштарды енгізу нормасы, килограмм/гектар (литр/гектар) Субсидиялау шеңберінде тыңайтылған алаң, гектар * - ақпарат өңделетін ауыл шаруашылығы дақылдары тұрғысында беріледі. ** - тыңайтқыштар түрлері: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, карбамид, аммофос, суперфосфат, хлорлы калий және т.б. ______________ облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы ______________________ ___________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Мөр орны Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11223 болып енгізілді.